Неделя казахского языка
«Новорыбинка ЖОББ мектебі» КММ 14-19 қаңтар аралығында мектепшілік «Тіл-ел бірлігі» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Мақсатты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне түсінік бере отырып, оқушыларды тілді құрметтеуге, қастерлеуге үйрету. Апталық салтанатты линейкадан басталды.
Апталықтың екінші күні «Латын тіліне көшуі» атты дебат 5-11 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі А.К. Бекпаев өз дәрежесінде өткізді. ҚР –ның рәміздерінің білгіштері сайысында 9 сынып оқушысы Коваль Иван марапатталды.
Н.А. Есмиева «Қазақ даласының дара ұстазы - Ы. Алтынсарин» атты семинар-сабағында ақын туралы барлық мәлеметті жан- жақты салып, әр түрлі жұмыстар жүргізді.
Апталық аясында өткен «Қазақ халқының ұлттық киімдері» атты газет қабырғасы конкурсында 10 сынып оқушылары 1-ші орынға ие болды.
Г.С. Есмиева «Қазақ даласының күйлері» атты дөңгелек үстелді жүргізді. Балалар белсенді қатысып, күйлер туралы көп алды мәлімет алды. Бастауыш сыныптарда ұлттық ойындар өте қызықты өтті.
«Хат патшасы» диктант жазу сайысында 9 сынып оқушысы Коваль Иван және 11 сынып оқушысы Деменева Александра ең сауатты оқушы деп аталды.
«Бауырсағым, менің бауырсағым» сайысында оқушылар әр түрлі пішінінде бауырсақтарды пісіріп әкеліп, бір- бірінен дәм тәтті.
Г.А. Сералимова аптаның соңғы күнінде «Музыкалық калейдоскоп» атты концертті өткізіп, жүлдегерлері марапатталды.
Апталық жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.