Меню KDT
imgMain.jpg?_=1677561264
Қош келдіңіз

"Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты


Бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білімнің жалпы
білім беретін оқу
бағдарламаларын іске
асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгілік қағидасына
2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

 

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

 

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 30 минут.

 

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды / қағаз түрінде.

 

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір орта білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыруға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында бас тарту себептерін көрсете отырып, білім беру ұйымына қабылданғаны туралы немесе дәлелді бас тарту туралы хабарлама келеді.
Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.

 

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

 

7

Жұмыс уақыты

 1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Кодекске сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған

 

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

- көрсетілетін қызметті беруші үшін;
1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымы басшысының атына өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, (біріздендіру үшін);
3) есептен шығару талоны.
- портал арқылы:
1) өтініш, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталған осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
2) есептен шығару талонының электрондық нұсқасы.

 

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса;
 2) көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 546 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 тіркелген) бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
- сынып-жинақталымының шамадын тыс толуы.

 

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут.
2) қызмет көрсетудің ең ұзақ мерзімі 30 минуттан аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

 

 

"Негізгі орта, жалпы орта білім
беретін ұйымдар арасында
балалар ауыстыру үшін
құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына
1-қосымша

 

Нысан

     

 Есептен шығару талонының нысаны

       Тегі _________________________________________________________

       Аты ______________________________________________________

       Әкесінің аты __________________________________________________

       Туған күні _____________________________________________________

       Сынып _______________________________________________________

       Мектеп _______________________________________________________

       (білім беру ұйымының мекенжайы)

      ________________________________________________________

       Мектеп директоры _____________________________________________

      Аты-жөні (толық)

      М.О.                                                 " ___" ________

 

"Негізгі орта, жалпы орта білім
беретін ұйымдар арасында
балалар ауыстыру үшін
құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына
2-қосымша

 

_______________________
Оқу орнының атауы
Басшысына
_______________________
Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 Өтініш

       Менің ұлымды / қызымды (баланың Т. А. Ә. (болған жағдайда))

       ______________________________________________________________

       _____ сынып __________________________________________________

       (білім беру ұйымының толық атауы)

       _____________________________________мекенжайы бойынша тұратын

       _______________________________________________________________

       (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)

       ______________________________________________________________

       оқыту үшін

       Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

       ______________                         "___" ________ 20__ жыл

      (қолы)

 

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК